
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жариялады. Суреттен ол өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсеткенін байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Америкалық көшбасшы Трамп жариялаған скриншот Wikipedia онлайн-энциклопедиясы секілді жазылған. Ондағы профильде Трамптың 2026 жылғы қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсетіліп тұр. Алайда бұл туралы нақты ресми растау құжаты келтірілмеген.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ресми түрде Делси Родригес Венесуэланың уақытша президенті саналады. Ол жақында ант беріп, қызметіне кіріскен болатын.
В Атырау 0