Атырау, 26 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тұрғындар жатып емделуді қалайды

3 080 просмотра

Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылында таңсық жағдай орын алып отыр. Ауылда аурухана бар, бірақ халық Тасшағылдан 80 шақырымда жатқан Миялыдағы ауруханаға барады.

- Мұның бәрі біздің ауруханаға кез келген сырқат жатып емделе алмайтындықтан, - дейді тасшағылдықтар. 

Мәселенің мән-жайын анықтамақ үшін біз аурухананың өзіне бас сұқтық.

- Осы жылдың наурызынан бастап ауруханада 5 кереуеттік күндізгі стационар бөлімі ашылған болатын. Сондықтан ауруханадағы кереуеттер қысқартылды, - дейді бөлімшенің жалпы тәжірибелік дәрігері Алмагүл БЕКЕЕВА.– Стационарға созылмалы сырқаттар қабылданбайды, мұнда жедел дәрігерлік көмекті қажет ететін науқастар жатады.

Айта кету керек, негізінде бұл ауруханада 10 дәрігер жұмыс істеу керек, ал мұнда 30 қызметкер жұмыс істейтін болса, соның біреуі ғана дәрігер.

Аурухана ғимараты әуелден жедел көмекке мұқтаж. Жөндеу жұмысы мұнда 2006 жылдан бері жүргізілмеген.

- Жақында бізге комиссия келеді. Ол бұл жалпы аурухана болып қала ма, қалмай ма, соны шешеді, - дейді А. Бекеева.

АлҚызылқоға аудандық ауруханасы бас дәрігерінің стационар жөніндегі орынбасары Айгүл БИСЕНОВА былай деп түсінік берді:   

- Тасшағыл ауылының тұрғындары арасында аурухана жабылады екен деген әңгіменің жүргенінен хабардармын. Сізге бұл аурухана жабылмайды деп сенімді түрде айта аламын. Дәрігердің сізге не айтқанын білмеймін. Бірақ, аурухана кез келген медициналық көмекке жүгінген науқасты қабылдайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.