Атырау, 10 қаңтар 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Қазақстанда автокөлік өндірісі 17,8%-ға артты

229 рет қаралды

2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібі тарихтағы ең жоғары көрсеткіштерін көрсетті. «Қазақстан автомобиль одағының» дерегіне сәйкес, елде 171 144 автокөлік шығарылып, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Жалпы өндіріс көлемі 2,3 трлн теңгеден асты.

Автокөлік өндірісі машина жасау саласының 41,7%-ын және өңдеу өнеркәсібінің шамамен 8%-ын құрап, экономиканың негізгі драйвері мәртебесін сақтап отыр. Салаға салынған инвестициялар 113,6 млрд теңгеге жетіп, жаңа зауыттардың ашылуына және өндірісті жаңғыртуға жол ашты. Алматы мен Қостанайда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan кәсіпорындары іске қосылды.

Өндірістің артуы жұмыспен қамтуға да оң әсер етті: саладағы жұмысшылар саны 11 153-ке дейін өсіп, бір жылда 62,2%-ға артты.

Жеңіл көліктер негізгі үлесті құрады — 158 944 бірлік (+19%), ал коммерциялық техника өндірісі 12 200 бірлікті (+8%) құрады. Қостанайдағы Allur зауыты 92 100 көлік, Hyundai Trans Kazakhstan 52 040 көлік шығарды. Жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan алғашқы айларда 15 180 көлік өндірсе, Kia Qazaqstan 2 885 көлік шығарды.

Саладағы өсім өндірісті жергіліктендіру, жеткізу тізбегін дамыту, инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесі ретінде бағалануда.

Кеше, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.