
Жетісу облысының соты Айбар Жанболатты жұбайы Айзат Жұманованы өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ZTB News.
Іс материалдарына сәйкес, бастапқыда тергеу ауыр дене жарақатын келтіру бабымен жүргізілген. Алайда сот-медициналық сараптамалар нәтижесінде іс «Адам өлтіру» бабына қайта сараланды. Мемлекеттік айыптаушы 15 жыл жаза тағайындауды сұрағанымен, сот 14 жылға тоқтады.
Тергеу деректеріне қарағанда, 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні ер адам әйелін үйдің ауласына шығарып, ұрып-соққан. Жәбірленуші күйеуін тоқтатуды өтінгенімен, зорлық-зомбылық жалғаса берген. Әйел есінен танып қалғаннан кейін де күйеуі әрекетін тоқтатпаған. Қылмыс жасалған сәтте ер адамның мас күйде болғаны анықталды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -3