Атырау, 7 ақпан 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Иранда режимге қарсы наразылық күшейді

530 рет қаралды
 Instagram/nufdiran
Instagram/nufdiran

8 қаңтарда Иранда аятолла режиміне қарсы жаппай наразылықтар қайта өршіді. Тегеранда кешкі уақытта ондаған мың адам көшеге шықты, деп хабарлайды Евронью́с.

Билік интернет пен телефон байланысын өшірді. CloudFlare мен NetBlocks бұл ақпаратты растады. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қақтығыстарда ондаған адам қаза тауып, 2 260-тан астамы ұсталған.

АҚШ президенті Дональд Трамп наразыларға қолдау білдіріп, «егер халықты ату басталса, Америка жауап береді» деді. Еуропарламент төрайымы Роберта Метсола да ирандықтардың еркіндікке деген үнін әлем естіп отырғанын атап өтті.

Наразылықтар ұлттық валютаның күрт құнсыздануынан басталып, елдің барлық аймағына тарады. Шах әулетінің мұрагері Реза Пехлеви халықты бірігіп көшеге шығуға шақырды.

9 қаңтар, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.