Атырау, 5 қазан 10:23
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Аудан жаңалықтары

2 161 просмотра

Ветеринар болғысы келмейді

Қызылқоға ауданында ветеринар мамандары тапшы.

- Ауыл шаруашылығы мамандығын оқуға жастар бара бермейтін болды, - дейді Қызылқоға аудандық ветеринарлық стансаның бастығы Шман БЕРДЕШЕВ. – Біздің мамандардың көбі зейнет алдындағы жаста - елудің бел ортасынан асқандар.

Өткен жылы ауданға бес жас мал дәрігері келді.

***

 

Бағасы қинап тұр

Биыл Қызылқоға ауданының шалғай орналасқан Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл ауылдарында жанармай қат.  

Өйткені құм төсінде қалған бұл елді мекендерге жанармай жеткізу өте қиын.

Жергілікті кәсіпкерлер мұнда жанармайды Атыраудан және Индерден әкеледі. «АИ-80» маркалы бензинінің бағасы - 110 теңге, «АИ-92» - 150 теңге шамасында.

- Бұл облыстың басқа аудандарына қарағанда 30-40 теңгеге қымбат, - дейді ауыл тұрғындары. –Бірақ, сол жанармайдың өзін кейде таба алмайсың ауылдан. Әсіресе, қыста қиын. 

***

 

Алтауға арналған мектеп

Жиырма жыл бұрын Исатай ауданына қарасты Жасқайрат елді мекеніндегі мектепте 30-ға жуық бала оқыған еді. Ал қазір тек қана 6 бала оқиды.

Мектепте12 адам жұмыс істейді, оның 5-і мұғалім.

- Мектеп төрт оқушыдан кем болса қалса ғана жабылады, -дейді Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Бақберген ҚАРАБАЕВ. – Сондықтан, әзірге жұмыс істейміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.