Атырау, 7 ақпан 01:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

570 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар кезекті күдіктіні анықтап, ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Жеке тінту кезінде одан 25 орама тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі — мефедрон болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің есірткіні жасырын жолмен таратумен айналысқаны анықталды. Оның айтуынша, заңсыз іске интернет арқылы тартылған, ал "қызметі" үшін ақы онлайн-аударымдар арқылы төленіп отырған.

9 қаңтар, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.