Атырау, 10 қаңтар 01:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Кісі өлтіру, бопсалау және қару-жарақ: 2025 жылы Қазақстанда 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

154 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады.

2025 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.

Кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен 70-тен астам адам, соның ішінде қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарымен ізделудегілер ұсталды.

Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.

Кеше, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.