
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлерінің табысынан 3,5% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) аударуға міндеттелді. Бұл көрсеткіш кезең-кезеңмен өсіп келеді: 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы – 5%.
ЖМЗЖ енгізу 1975 жылдан кейін туған азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуын жақсартуға бағытталған. Себебі бұл санаттағы азаматтардың ынтымақты зейнетақыға негіз болатын 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе аз. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш бөліктен тұрады: базалық мемлекеттік төлем, қызметкердің міндетті жарналары есебінен жинақталған қаражат және жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасатын шартты-жинақтаушы зейнетақы.
Жұмыс берушілердің жарнаны уақытылы әрі толық төлеуін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қадағалайды. Ал ЖМЗЖ есебінен төлемдер өмір бойы жүргізіледі, бірақ азамат шетелге тұрақты тұруға көшкен немесе Қазақстан азаматтығын өзгерткен жағдайда бұл төлемдер тоқтатылады. ЖМЗЖ қаражаты жеке меншік болып саналмайды, мұраға қалдырылмайды және басқа қатысушылар арасында қайта бөлінеді.
В Атырау -3