
The Times басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алу үшін бірнеше нұсқаны қарастырып отыр. Ақ үйдің ресми өкілі Каролайн Левитт бұл мәселені «ұлттық қауіпсіздік басымдығы» деп атады. Бұл туралы Meduza хабарлады.
Бірінші сценарий – әскери интервенция
АҚШ аралды күшпен басып алуға қауқарлы. Бірақ бұл НАТО-ға соққы болып, Еуропадағы қауіпсіздік жүйесін шайқалтуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, Арктикадағы қатаң климат пен халықтың қарсылығы АҚШ-қа ұзақ мерзімде қиындық туғызады.
Екінші сценарий – экономикалық қысым
Вашингтон Данияны келісімге мәжбүрлеу үшін инвестициялар мен қаржылық қолдауды пайдалана алады. Гренландияның экономикасы Копенгаген субсидияларына тәуелді болғандықтан, АҚШ-тың қаржылық ұсыныстары жергілікті халықты тартуы ықтимал.
Үшінші сценарий – еркін ассоциация
Гренландия АҚШ-пен Палау немесе Маршалл аралдары сияқты еркін ассоциация келісімін жасасуы мүмкін. Бұл жағдайда арал формалды түрде тәуелсіз болып қала береді, бірақ АҚШ әскери қатысуын күшейтеді және саудада жеңілдіктер береді.
Төртінші сценарий – «екі жаққа қызмет ету»
Бұл статус-квоға жақын нұсқа. Гренландия біртіндеп тәуелсіздікке ұмтылып, АҚШ пен Дания арасындағы қайшылықтарды пайдаланады. АҚШ әскери базаларын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды игеру құқығын алады, ал Дания заңды суверенитетін сақтап қалады.
В Атырау -3