Атырау, 9 қаңтар 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

Түркістан облысында дрон көмегімен мал ұрлығы ашылды

226 рет қаралды

Түркістан облысында полицейлер Бәйдібек ауданының екі тұрғынын мал ұрлығы және қаруды заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ауылдардың бірінде үш бас сиырдың ұрланғанын анықтады. Күдіктілер малды көрші ауданға сатып үлгерген. Бөтеннің мүлкін өткізу фактісі дрон арқылы тіркеліп, бұл қылмыстың ізіне тез түсуге мүмкіндік берді.

Сол күні ағайынды күдіктілер тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Тінту кезінде олардың үйінен алты бас мал, аңшы мылтығы және басқа да заттай дәлелдер тәркіленді. Ұрланған малды сатып алушы ретінде Ордабасы ауданының тұрғыны анықталды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Кеше, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.