Атырау, 9 қаңтар 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

Мешіттердегі ұрлық: Алматыда күдікті қолға түсті

210 рет қаралды
фото: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Алматыда мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректеріне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және басқа да жеке заттарды жасырын түрде ұрлағанын анықтады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысын жүзеге асырған.

Полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай қылмыстар тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына да нұқсан келтіреді. Жедел әрі кәсіби жұмыстың нәтижесінде күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда күдіктінің бірнеше эпизод бойынша қылмыстық әрекеті дәлелденді. Оның басқа да ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция азаматтарды жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда дереу хабарлауға шақырды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Кеше, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.