
Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ-тың 66 халықаралық ұйымнан, оның ішінде БҰҰ-ның 31 құрылымынан шығуы туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің хабарламасында айтылды, деп хабарлайды АА.
Хабарламада: «Бүгін президент Дональд Трамп АҚШ мүддесіне қызмет етпейтін 66 халықаралық ұйымнан шығу туралы жарлыққа қол қойды», – делінген.
Бұл шешім аталған ұйымдардың АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етуімен байланысты қабылданғаны атап өтілді.
Сонымен қатар АҚШ осы ұйымдарға қатысуды да, қаржыландыруды да тоқтататыны хабарланды. Оның ішінде 31 ұйым БҰҰ аясында жұмыс істейді.
Алайда Ақ үй нақты қай ұйымдар туралы сөз болып отырғанын ашып айтқан жоқ.
Трамп өзінің екінші президенттік мерзімінің алғашқы күндерінде, яғни 2025 жылғы 20 қаңтардан бастап, Париж климаттық келісімінен және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатынын жариялаған еді. Сондай-ақ ол Палестина босқындарына көмек көрсету жөніндегі БҰҰ агенттігін қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
В Атырау -10