Атырау, 5 қазан 01:59
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Зауыттың өз жарығы бар

1 828 просмотра

АМӨЗ-дің жылу электр орталығында (ЖЭО) жаңа №4 турбоагрегат іске қосылды, бұл зауытты энергетикалық тәуелсіз етеді.

Энергетикалық жаңғыртуға осы жылдың 22 наурызында болған төтенше жағдай бірталай әсер етсе керек: сол кезде электр қуатының болмай қалуына байланысты зауыттың барлық технологиялық қондырғылары тоқтап қалған еді. 26 сәуірде қалалық мәслихатта сөйлеген сөзінде зауыттың бас инженерінің орынбасары Рустам БИСАЛИЕВ осы жағдайдың нәтижесінде АМӨЗ бес тәулікке жұмыс жасамай қалғандығын хабарлады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖЭО-сын дамыту» жобасы бойынша өз жұмыс ресурстарын тәмамдаған «Рилей-Стоккер» фирмасының бу қазандықтары Ресейде шығарылған заманауи Е-25 қазандықтарына ауыстырылды.

АМӨЗ сағатына 30 мегаватт қуат тұтынады. Жаңғыртуға дейін зауыт ЖЭО-сыосы көлемнің тек 60%-ын ғана жабатын. Сондықтан да сағатына 12 мегаватт қуат өндіретін турбоагрегат пен Германиядан шығарылған, өнімділігі сағатына 5 тонна болатын айналым суын салқындататын градирня орнатуға шешім қабылданды. Құрылысты «Бастион Капитал Строй», «ЕрнарСтрой», «КИПЭЛ» және «АРЭМ» фирмалары жүргізді.

Қолданысқа енгізілген турбоагрегат ауа ластау көзіне айналмайдыдеп сендіреді АМӨЗ баспасөз қызметі. Турбина жабық кеңістікте айналатын бумен жұмыс жасайды. Ыстық су градирняда салқындатылып, екінші рет пайдаланылады.

Турбоагрегат пен градирняны жобалау мен салу шығындары 2,2 млрд теңгені құрады. Зауыт экономистерінің есептеуінше, бұрын электр қуатын кВт сағатқа 17,1 теңгеден алып жүргендерін ескергенде, шығындалған қаражаттар шамамен бір жыл екі айда өтелетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.