
Ақ үй президент Дональд Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері Конгресс комитеттерінің жетекшілеріне Венесуэладағы әскери операция және елдің болашағына қатысты жоспарлар жөнінде жабық брифинг өткізді, деп хабарлайды АА.
Конгресс мүшелерінің сұрақтарына мемлекеттік хатшы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, ЦРУ директоры Джон Рэтклифф, штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн және бас прокурор Пэм Бонди жауап берді.
Республикалық партия өкілдерінің басым бөлігі Венесуэлаға жасалған әскери әрекетті қолдаса, демократтар америкалық әскердің қолданылуына және оқиғаның одан әрі өрбуіне алаңдаушылық білдірді.
3 қаңтар күні түнгі сағат 02:00 шамасында Венесуэла астанасы Каракаста жарылыстар естіліп, әуе кеңістігінде ұшақтар байқалды. Осыдан кейін Венесуэла билігі АҚШ-ты елдің азаматтық және әскери нысандарына шабуыл жасады деп айыптады.
Президент Дональд Трамп Николас Мадуроға қарсы ауқымды операция жүргізілгенін және Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің елден шығарылғанын мәлімдеді. АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди Мадуроға «наркотерроризм, кокаин контрабандасы және АҚШ-қа қарсы қолдану мақсатында пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау» айыптары тағылғанын хабарлады.
Венесуэла билігі халықаралық қауымдастықты АҚШ әрекеттерін айыптауға шақырды. Бірқатар мемлекеттер Вашингтонның қадамдарын сынға алса, кейбір елдер қолдау білдірді.
В Атырау -10