Атырау, 7 қаңтар 22:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді

113 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған. 

Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді. 

Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Кеше, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.