
Венесуэла президенті Николас Мадуро Нью-Йорктегі алғашқы сот тыңдауында өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындаған жоқ. Бұл туралы Интерфакс ЭФЭ агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Мен кінәлі емеспін, мен өз елімнің президентімін, адал адаммын», – деген Мадуроның сөзін Fox News телеарнасы аудармашы арқылы жеткізді. Ол өзін сотталушы емес, әскери тұтқын ретінде санайтынын атап өтті: «Мені Каракастағы үйімнен ұстап әкетті».
ЭФЭ дерегінше, Мадуроның жұбайы Силия Флорес те кінәсін мойындамаған.
Алғашқы тыңдау небәрі жарты сағатқа созылды. Округтік судья Элвин Хеллерштейн Мадуро мен Флоресті келесі сот отырысына дейін қамауда қалдыруға шешім шығарды. Келесі тыңдау 17 наурызға белгіленді.
АҚШ-та Мадуро мен оның жұбайына есірткі саудасына қатысты айып тағылған. Америкалық БАҚ олардың бірнеше рет өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтуде.
4 қаңтардағы дерекке сәйкес, Мадуроны Каракаста ұстау операциясына шамамен 200 америкалық әскери қызметкер қатысқан.
В Атырау -2