
Ақсу ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу және жер заңнамасы саласында кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарының өрескел бұзылғаны белгілі болды.
Анықталған деректерге сәйкес, Ақсу аудандық орталық ауруханасы жеткізушілер шарттық міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, 57 кәсіпкерге шартты орындауды қамтамасыз етудің 3% көлеміндегі қаражатты қайтармаған. Жалпы сомасы – 117,6 млн теңге.
Сонымен қатар жер заңнамасын қадағалау барысында инвестордың құқығы бұзылғаны анықталды. «Екпінді» ЖШС-нің инвестициялық жобасын жүзеге асыру кезінде жалдау шартымен қарастырылған 100 гектар жайылымдық жер берілмеген.
Барлық фактілер бойынша прокурорлық шаралар қабылданып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды басты бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
В Атырау -2