Атырау, 7 қаңтар 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

​Қырғызстанда айырбастау пункттері қаржының шығу тегін тексереді

157 рет қаралды

Қырғызстан Ұлттық банкі айырбастау орындарына қатысты жаңа талаптарды бекітті, деп хабарлайды 24.KG

14 қаңтардан бастап ірі немесе әдеттен тыс операциялар кезінде айырбастау пункттері клиенттердің құжаттарын және қаражаттың қайдан келгенін тексеруге құқылы болады. Бұл ереже қырғызстандықтарға да, шетел азаматтарына да қатысты.

Реттеуші органның түсіндіруінше, шешім қаржы қылмыстары мен заңсыз табысты жасыруға қарсы күрес мақсатында қабылданған.

Жаңа талаптарға сәйкес айырбастау пункттері:
• клиенттерді, оның ішінде шетелдіктерді және олардың құжаттарын тексереді;
• қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін анықтайды;
• ірі әрі күмәнді операцияларға ерекше назар аударады;
• күдікті мәмілелерді тоқтатып, Ұлттық банкке хабарлайды;
• айырбастау операциялары туралы деректерді кемінде бес жыл сақтайды.

Жаңа ережелер 14 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Кеше, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.