Атырау, 7 қаңтар 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

​Трамп: АҚШ Венесуэламен соғыспайды

175 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Венесуэламен соғыс жағдайында емес екенін айтты, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Біз есірткі сататын адамдармен соғысып жатырмыз. Біз өз елдеріндегі түрмелерден сотталғандарды, нашақорларды және психиатриялық науқастарды біздің елге әкелетін адамдармен соғысып жатырмыз», – деді ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында.

3 қаңтарда АҚШ қарулы күштері Каракасқа шабуылдап, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жары Силия Флоресті елден алып шықты. 5 қаңтарда ерлі-зайыптылар Нью-Йоркте есірткі саудасы мен қару сақтау ісі бойынша сот алдында жауап берді.

Кеше, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.