Нью-Йоркта «әл-Каида» лаңкестік ұйымына көмектескен америкалық азамат 18 жылға сотталды.
37 жастағы Сабырхан Хасанов Қытайда туып, АҚШ пен Австралияның азаматтығын алған. 2010 жылдың жазында ол «содырларды қаржыландырды әрі өзі де Нью-Йорк қаржы биржасы ғимаратының алдында лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды» деген айыппен қамауға алынды. Айыпталушы бұл туралы Йемендегі сыбайластарына хат жазып қана қоймай, жарылыс құрылғысын жасау үшін арнайы құрал да алдырған. Қамауға алынғанға дейін Сабырхан Хасанов ірі консалтингтік компанияларда жұмыс істеген. Тергеу ісі барысында кінәсін толық мойындаған және радикалды діни ағымға 2007 жылдан бастап бой ұра бастағаны анықталған.
Дереккөз: 24.kz