Атырау, 7 қаңтар 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

Колумбия президенті АҚШ-тың Венесуэлаға әскери интервенциясына қарсы шықты

253 рет қаралды

Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әскери интервенциясына наразылық білдірді. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында мұндай әрекетті тарихта тіпті «диктаторлар» да жасамағанын атап өтті, деп хабарлайды АА.

Петроның айтуынша, АҚШ — тарихта алғаш рет Оңтүстік Америка елінің астанасын бомбалаған мемлекет.

Ол бұл оқиғаны нацистердің Герникаға жасаған шабуылымен салыстырды: «Достар бір-бірін бомбаламайды».

Президент Латын Америкасы елдері бірігуі тиіс екенін, әйтпесе аймаққа әлемдік орталық емес, «қызметші мен құл» ретінде қаралатынын айтты.

Петро кейбір латынамерикалық лидерлерді шетелдік үкіметтерге бағыныштылық танытты деп сынға алды.

Ол Бразилия президенті Луис Инасиу Лулаға үндеу жасап, альянс ең алдымен Латын Америкасының өз ішінде құрылуы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қытай және Ресеймен одақ күткендей нәтиже бермегенін мойындады.

5 қаңтар, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.