Атырау, 6 қаңтар 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.26
€ 597.61
₽ 6.32

Атырау–Орал тас жолында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты

Бейнежазба
219 рет қаралды

4 қаңтар күні сағат 19:15 шамасында Атырау–Орал республикалық маңызы бар автожолында, Qazaq Oil жанармай құю бекетінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылы туған жүргізуші басқарған Mercedes маркалы автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1979 жылы туған азамат тізгіндеген Газель автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көлік те өртеніп кеткен. Апат кезінде Газель автокөлігінің жолаушысы — 1966 жылы туған әйел адам оқиға орнында қаза болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті материалдар жиналуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қарсы қозғалыс жолағына шығу кезінде ерекше сақ болуға шақырады.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған видео

Кеше, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.