Атырау, 30 желтоқсан 15:13
 ашықВ Атырау -3
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Қазақстан құрамасының Олимпиада формасы таныстырылды

Сурет
100 рет қаралды

2026 жылдың ақпанында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды. Шара Туризм және спорт министрлігінде өтті.

Арнайы құрылған жұмыс комиссиясы жабдықтың техникалық талаптарын келісіп, үлгілерін бекітіп, сапасын бақылаумен айналысты. Комиссия құрамына министрлік өкілдері, Ұлттық Олимпиада комитеті, спорт ұйымдары және белгілі спортшылар кірді.

Ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизі бекітіліп, қазір Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтуде.

Жиынтық 22 түрлі киімнен тұрады. Оның ішінде ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезінде киілетін жылы сырт киімдер, жаттығу мен күнделікті қолдануға арналған спорттық киімдер бар.


Айта кетерлігі, спорттық киімдер демеушілердің қаржысы есебінен алынған.

Министрлік қысқы Олимпиадаға дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастырып жатыр.

Бүгін, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.