Атырау, 30 желтоқсан 15:01
 ашықВ Атырау -3
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

​Билеттер сатылымда: Атырау мен Сочи арасында әуе қатынасы 2026 жылдың жазында ашылады

99 рет қаралды

«Азимут» әуе компаниясы Сочи – Атырау бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосатынын хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшулар 2026 жылдың 2 маусымынан басталып, аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Кестеге сәйкес, A45099 рейсі Сочиден сағат 01:30-да ұшып шығып, Атырауға 05:15-те қонады. Қайтар рейс A45100 Атыраудан 06:15-те ұшып, Сочиге 06:00-де жетеді. Уақыт әр әуежайдың жергілікті уақыты бойынша көрсетілген.

Сочи – Атырау бағытына билет бағасы 4650 рубльден басталады, ал Атырау – Сочи бағытына 4615 рубльден. Бұған қоса әуежай және сервис алымдары қосылады.

Әуе компаниясы жаңа бағыттың ашылуы халықаралық маршруттық желіні дамыту стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Билеттерді және қосымша қызметтерді ресми сайттан сатып алуға болады.

Күтіліп отырғандай, жаңа әуе қатынасы Қазақстан мен Ресейдің оңтүстігі арасындағы туристік және іскерлік сапарларды жеңілдетіп, жазғы маусымда Атыраудың қолжетімділігін арттырады.

Бүгін, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.