Атырау, 30 желтоқсан 14:42
 ашықВ Атырау -3
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Атырауда Жаңа жыл қарсаңында екі төбелес болды

113 рет қаралды

Атырауда мереке алдындағы күндері қаладағы көңіл көтеру орындарында екі оқиға тіркелді.

Алғашқы жағдай түнгі «Барма» клубының (бұрынғы «Бармаглот») алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар арасында төбелес шыққан. Бірақ тараптар полицияға шағымданбаған, ресми арыз түспеген.

Екінші оқиға инфекциялық ауруханаға қарама-қарсы орналасқан «Берлога» пабында болды. Мұнда жағдай ауыр салдарға жеткізбегенімен, полиция қызметкерлері араласуға мәжбүр болған.

- 30 желтоқсанда сағат 03:10 шамасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 2003 және 2005 жылы туған үш азамат полиция бөліміне жеткізілді. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады полиция.

Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары мереке қарсаңында қоғамдық тәртіпті сақтап, көпшілік орындарда жанжалға жол бермеудің маңыздылығын еске салды.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.