Атырау, 30 желтоқсан 14:25
 ашықВ Атырау -3
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Атырауда Гагарин көшесінің жөндеу жұмыстары 2026 жылы жалғасатын болды

93 рет қаралды
Гагарин көшесіндегі жұмыстардың басталуы / "АЖ" мұрағатынан алынған фото
Гагарин көшесіндегі жұмыстардың басталуы / "АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Нысанды пайдалануға беру мерзімі жобаны түзету қажеттілігіне байланысты кейінге қалдырылды.

«АЖ» редакциясына Гагарин көшесінің тұрғындары хабарласты. Бұл көшеде өткен жылдың жазынан бері «Атырауинжстрой-АИС» компаниясы жолды қайта жөндеумен айналысып келеді. 2024 жылы бірнеше жүз метр жерге асфальт төселді, қалған бөлігін биылғы қысқа дейін аяқтаймыз деп уәде еткен. Бірақ жұмысты толық бітірмей, тоқтатып қойған.

Жалпы алғанда, жөндеу жұмыстары барысында ені жеті метр болатын екі жолақты автожол салу, жол жиегі тастарын қойып, тротуарлар жасау жоспарланған. Жобаның тапсырыс берушісі – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Көшенің ұзындығы – 1,8 шақырым, ал жобаның жалпы құны – 2,3 млрд теңге.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС 780 метрлік бөлікті аяқтап, жолды кеңейтіп, ірі түйіршікті асфальт төсеген. Биыл Тайманов көшесінен Ерниязов көшесіне дейінгі 550 метрлік учаскеде дренаж жасалып, кейін асфальт төсеуге дайындық жүргізілген.

«Жұмыс жобасын түзетуге байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары уақытша тоқтатылды. Олар келесі жылдың екінші тоқсанында қайта басталады. Қаржы бөлінсе, нысан 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі», – делінген қала әкімінің орынбасары Тлек Махуов қол қойған хатта.

Атырау әкімдігінің «АЖ» редакциясына берген жауабында биыл Гагарин көшесіндегі жұмыстар үшін «төлем жасауға негіз болмағандықтан» мердігерге ақша төленбегені айтылған.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.