Атырау, 29 желтоқсан 14:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Резервуарларды монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын: ГӨЗ құрылысы қалай жүріп жатыр

94 рет қаралды

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Атырау облысындағы Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңындағы жұмыстардың барысын тексерді. Кездесуге компанияның салалық мамандары және мердігер ұйымдардың – «Kazakh Construction Group» ЖШС мен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қатысты.

Мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы баяндап, жыл соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша есеп берді.

Әлібек Жамауов жаңа жылы ресурстарды жұмылдыруды күшейту және құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтті. Ол құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы тұрақты бақылауда екенін айтып, өндірістік процестерді оңтайландыруды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне, соның ішінде түнгі жұмыстарға ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Анықтама

  • Құрылыс алаңында 1 778-ден астам маман жұмыс істеп жатыр.
  • Түнгі ауысымға шамамен 140 жұмысшы тартылады.
  • 346-дан астам құрылыс техникасы пайдаланылуда.
  • Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы

  • Фундаменттік жұмыстар, металл конструкцияларды, қызмет көрсету алаңдарын және технологиялық құрылымдарды монтаждау жалғасуда.
  • Өртке қарсы құбыр желісін орнату, қалып дайындау және фундаменттерді арматуралау, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты кері көму және қазу жұмыстары жүргізілуде.
  • РВС-5000 резервуарларын дәнекерлеу және бояу жұмыстары атқарылуда.
  • Титулдар мен эстакадалардағы металл конструкцияларды монтаждау және бояу жалғасуда, соның ішінде қызмет көрсету алаңдары мен ӘБК блогы.
  • Вахталық қалашық аумағында кабель желілерін төсеу, электр жабдықтарын орнату, траншея қазу, құдықтар орнату және ПЭ-құбырлардан канализация жүйесін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
  • 20-титулдағы резервуарға гидросынақтар аяқталды.

Негізгі жұмыстардың орындалуы

  • Фундаменттерге бетон құю: 57 880 м³ (76,3%)
  • Металл конструкцияларды монтаждау: 8 205 тонна (40,7%)
  • Механикалық жабдықтарды монтаждау: 4 547 тонна (46,6%)
  • Резервуарларды монтаждау: 1 863 тонна (92,6%)
  • Жерасты құбырларын төсеу: 24 425 м (50,0%)

«QazaqGaz» АҚ жобаның жүзеге асырылуын кешенді бақылауды жалғастыруда, құрылыс мерзімдерінің сақталуын және барлық кезеңдерде сапа мен қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуде.

Қосымша жоба

Жұмыс сапары барысында Әлібек Жамауов сұйытылған мұнай газын (СМГ) қабылдау, қайта тиеу және фракциялау зауытының құрылысы барысымен де танысты. Кездесу барысында жұмыстардың ағымдағы жағдайы және нысанды пайдалануға беру жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды. Жоба белсенді іске асырылу кезеңінде тұр. Алдағы уақытта фундаменттер мен құбыр желілері бойынша СМР жалғасады, қосалқы станция мен әуе желілерін монтаждау аяқталады, сондай-ақ қондырғыларды жинақтау және іске қосу үшін қалған жабдықтар жеткізіледі.

Бүгін, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.