Атырау, 23 қаңтар 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Атырау облысында трасса бойында екі жол учаскесі пайдалануға берілуге дайындалып жатыр

507 рет қаралды

Бұл орташа жөндеу және бақылау тексерулері жүргізілген Махамбет – Х.Ерғалиева және Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау теңіз порты автокөлік жолдарына қатысты айтылып отыр.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Аслан Дүйсенов хабарлағандай, Махамбет – Х.Ерғалиев KZ06-02 автожолының 0–10 және 35–45 шақырымдардағы учаскелерінде, сондай-ақ KAZ-11 Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау теңіз порты жолының 101–102,2; 119,6–122 және 171,6–210 учаскелероінде жұмыстар аяқталды.

Жолдарды пайдалануға берудің алдында филиал мамандары 34 көшпелі тексеру жүргізіп, жол-құрылыс материалдарының 190 сынамасын іріктеп алды. Бақылау барысында 11 ақау мен кемшілік анықталды.

«Бүгінгі таңда барлық анықталған ақаулар мен сәйкессіздіктер толығымен жойылды. Тексеру нәтижелері бойынша оң қорытындылар берілді», — деп атап өтті Аслан Дүйсенов.

Жөнделген учаскелер өңірдегі көлік қатынасын жақсартады, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және логистиканы жеңілдетеді деп күтілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2025, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.