Атырау, 26 желтоқсан 12:06
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

​«АлбаСтройДор»​ басшысы Qarmet​-тің құны 1,8 млрд теңге болатын өнімін ұрлады деген күдікке ілінді

109 рет қаралды
ChatGPT жасаған көрнекі сурет
ChatGPT жасаған көрнекі сурет

Қаржылық мониторинг агенттігі «Qarmet» құқықтық мирасқоры болып табылатын «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізңп жатыр. 

БАҚ-тан келіп түскен сұрауға байланысты ҚМА хабарлағандай, 2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Тергеу мәліметі бойынша, С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бүгін, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.