Атырау, 26 желтоқсан 11:47
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Атырауда балконнан өрт шықты

Бейнежазба
108 рет қаралды

Атырауда ТЖМ қызметкерлері тұрғын үйдің балконынан шыққан өрттің таралып кетуіне жол бермеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Өрт оқиғасы Привокзальный ықшамауданында орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің балконында болды. ТЖМ күштерімен баспалдақ арқылы бір адам эвакуацияланды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің пәтерге және жоғарғы қабаттағы балкондарға таралуына жол берілмеді. Өрт 3 ш. м. аумақта толықтай сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 


Бүгін, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.