
Атыраулық спортшы, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова 2025 жылдың қорытындысы бойынша Халықаралық дзюдо федерациясының әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастады.
28 жастағы спортшы маусым бойы тұрақты нәтижелер көрсетіп, рейтингтің шыңына көтерілді. Ол Жапонияда өткен Grand Slam сериясының соңғы кезеңіне қатыспаса да, маусымдағы сенімді өнерінің арқасында көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Бұл салмақ дәрежесінде екінші орында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Швеция өкілі Тара Бабулфат тұр. Үшінші орынға ресейлік дзюдошы Сабина Гялязова жайғасқан.
Әбиба Әбужақынованың жетістігі Қазақстан спорты үшін үлкен мәртебе саналады. Оның табандылығы мен тұрақты нәтижелері еліміздің дзюдо мектебінің әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
В Атырау -9