Атырау, 25 желтоқсан 14:22
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында 84 инвестициялық жоба іске асырылды

50 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Осыдан екі жыл бұрын басталған Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы тұрақты нәтиже көрсетумен қатар, инвестиция қайтарымының артуына жол ашты.

Бұл игі бастаманың негізгі мақсаты — импортты алмастыру, ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық белсенділікті ынталандыру.

2023–2024 жылдары бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңге бағытталып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары бойынша 170 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні оның 84-і пайдалануға берілді, оның ішінде жылына 332 мың тоннадан астам сүт өндіретін 53 сүт - тауарлы ферма бар.

2025 жылы 127 жобаны кредиттеуге қосымша 200 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 55 жоба іске асырылу үстінде.

Бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 14 негізгі бағытын қамтиды. Атап айтқанда, сүт - тауарлы фермаларын салу, етті құс шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту, балық өсіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын құру, жылыжай кешендерін салу, көкөніс пен жеміс сақтайтын қоймалар тұрғызу, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген.

Жобаларды қаржыландыру сенімді өкіл (агент) арқылы жеңілдетілген шарттармен жүзеге асырылады. Мәселен, жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 10 жылға дейін, кредиттің ең жоғары сомасы 5 млрд теңге. Мұндай шарттар бағдарламаны бизнес үшін қолжетімді әрі тартымды етіп, ұзақ мерзімді инвестициялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның жоғары инвестициялық тартымдылығы бизнестің тең қаржыландыруымен расталады. Яғни, бюджеттен бөлінген әрбір теңгеге бір теңге жеке инвестиция тартылады.

Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату және жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы тұрақты нәтижелер көрсетіп, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде.

Бүгін, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.