Атырау, 24 желтоқсан 14:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ақтауда заңсыз діни бірлестіктің қызметі тоқтатылды

Бейнежазба
108 рет қаралды
Сурет: @mangystauudp
Сурет: @mangystauudp

Маңғыстау облысында заңсыз бірлестікті құру және оның қызметін ұйымдастыру дерегі бойынша бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен санкцияланған тергеу амалдарын жүргізді, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел ақпараттарға сәйкес, Ақтау қаласы аумағында деструктивті діни бағыттағы топтың әрекет еткені анықталды. Аталған топтың мүшелері азаматтарды заңсыз түрде тартумен, психологиялық қысым көрсетумен, оларды отбасынан және қоғамнан оқшаулаумен, сондай-ақ дәстүрлі діндер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы көзқарастарды қалыптастырумен айналысқан.

Санкцияланған тінту барысында бір коммерциялық нысаннан, сондай-ақ көлік құралынан және топ ұйымдастырушысының уақытша тұратын жерінен тыйым салынған ілімді насихаттауға пайдаланылған болуы мүмкін баспа өнімдері, символика, жазбалар және өзге де заттар тәркіленді.

Сонымен қатар, аталған ғимаратта болған азаматтар анықталып, олармен қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының аумағында аталған діни ілімді тарату мен насихаттауға сот шешімімен тыйым салынған.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды және ықтимал жәбірленушілерді анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда. Тергеп-тексеру жалғасуда.


Бүгін, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.