
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев агенттіктің бас редакторы Әмір Қасеновтың қамауға алынғанын хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, Әмір Қасенов 23 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00-де Есіл аудандық полиция бөліміне тергеуге шақырылып, артынша адвокат оның ұсталғанын хабарлаған.
Тиісті мәлімдемені Әсет Матаев өзінің Telegram-арнасында жариялады. Хабарламада ол құқық қорғау органдарының әрекеттерімен келіспейтінін білдіріп, бұл істе үшінші тұлғалардың мүдделі болуы мүмкін екенін айтты.
«Егер Қазақстанда әділдік болса, онда Әмірге тағылған барлық айып алынып, ол бостандықта болады!», – деп жазды Әсет Матаев.
Естеріңізге сала кетейік, KazTAG ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа және бас редакторы Әмір Кәсеновқа қатысты Freedom Finance компаниясының жәбірленушілердің шағымдарына негізделген жарияланымдарынан кейін қылмыстық іс қозғалды.
В Атырау -1