Атырау, 23 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құрық портында тереңдету жұмыстары басталды

Бейнежазба
59 рет қаралды

ERSAI индустриялық порты Құрық портында акватория мен кірме арнаны түбін тереңдету жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға кірісті. 

Жоба теңіз түбінің тереңдігін 5 метрге дейін ұлғайтуға және жыл бойы үздіксіз навигацияны қамтамасыз етуге бағытталған.

Компания хабарлағандай, жоба толықтай  ERSAI компаниясының  қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр. Жобаны іске асыруға дайындық барысында ERSAI Cutter Suction Dredger (CSD 650) типіндегі ERSAI 5 атты жеке жерснарядтың құрылысын қаржыландырды. Бұл түбін тереңдету жұмыстарының мерзімі, сапасы және құны бойынша толық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жобаның негізгі параметрлері:

  • іске асыру мерзімі: 2026 жылғы қаңтар–маусым;
  • жобалық тереңдік: 5 метр;
  • жұмыстардың жалпы көлемі: 1 млн м³.

Түбін тереңдету жұмыстары ERSAI компаниясының кешенді даму стратегиясының негізгі элементі болып табылады. 
Аталған стратегия контейнерлік терминалды іске қосуды, кеме жасау және кеме жөндеу қуаттарын кеңейтуді көздейді.

Жобаны іске асыру жүк айналымының өсуіне, Орта дәліз бойындағы транзиттік ағындарды тартуға, сондай-ақ Каспий өңірінде болашақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгін, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.