
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі кемінде 29 америкалық дипломатты шетелдегі қызметінен кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Associated Press агенттігі АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады АА.
Мәліметке сәйкес, елшілерге өткен аптада олардың өкілеттігі 2026 жылдың қаңтарында аяқталатыны туралы хабарланған. Кері шақырылып жатқан барлық дипломаттар бұрынғы президент Джо Байденнің тұсында тағайындалған.
АҚШ-тың жаңа дипломатиялық стратегиясы президент Дональд Трамптың «Америка бәрінен бұрын» (America First) қағидатын толық қолдайтын кадрларды тартуды көздейді.
Мемлекеттік департамент өкілдерінің айтуынша, елшілер дипломатиялық қызметтен босатылмайды. Олар Вашингтонға оралып, қаласа, басқа қызметтерді атқара алады.
Мемлекеттік департамент елшіні «президенттің жеке өкілі» деп атап, мемлекет басшысының өз саясатын ілгерілететін тұлғаларды тағайындауға толық құқығы бар екенін мәлімдеді.
Агенттік дерегіне сүйенсек, ең көп елшілер Африка құрлығындағы 13 елден кері шақырылған. Азияда – 6 елде, ал Еуропада – 4 елде дипломатиялық өзгерістер орын алған.
Айта кетейік, АҚШ елшілері әдетте президенттің қалауымен тағайындалып, 3–4 жыл қызмет атқарады.
В Атырау 0