Атырау, 24 қаңтар 00:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Құлсарыда үш қоғамдық орында тегін Wi-Fi қосылды

274 рет қаралды

Құлсары қаласының тұрғындары мен қонақтары енді үш қоғамдық орында тегін интернетке қосыла алады. 

«Freedom Data Centers» ЖШС және «Көркем Телеком» ЖШС Жылыой ауданындағы «Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету» жобасы аясында Wi-Fi желісін іске қосты.

Тегін интернет қолжетімді орындар:

  • «Жансая» саябағы
  • «Достық» саябағы
  • «Мұнайшы» стадионы

Жоба қала инфрақұрылымын жаңғыртуға, цифрлық қолжетімділікті арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Алдағы уақытта Wi-Fi желісін кеңейту жоспарланып отыр.


22 желтоқсан 2025, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.