
Құны 1 миллиард теңгеден асатын жаңа нысан мәдениет саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рафик Әбуовтің айтуынша, болашақ жатақхананың орны ретінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының артындағы жер телімі белгіленген. Қазіргі таңда бұл аумақта театрға тиесілі ескі гараж орналасқан.
Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтудің соңғы кезеңінде тұр. Құжаттаманы 24,6 миллион теңгеге «ДЭКО» ПВ ЖШС әзірлеген. Құрылысты келесі жылдың көктемінде бастау, ал нысанды 7 айдан кейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жиынтық сметалық есепке сәйкес, құрылыс құны 1 млрд 16 млн теңге деп бағаланған.
Облыс әкімдігінде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен болғандықтан, олардың көпшілігі жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрып, баспана жалдауға мәжбүр екенін мойындады.
«Бұл жатақхана, ең алдымен, театрға арнайы жолдамамен келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл олардың кәсіби ортаға бейімделуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына жағдай жасайды. Сонымен қатар, осы салада ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға сеп болады», — деді Р. Әбуов.
Қазіргі таңда драма театр штатында 215 қызметкер бар, олардың 45-і тұрғын үй кезегінде тұр. Жатақхана 60 орынға есептелген.
Лев ГУЗИКОВ
Эскиздерді құрылыс басқармасы ұсынды
В Атырау 0 

