Атырау, 19 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Баласаздағы қатыгездік: сотта Айзат Жұманованың өмірінің соңғы сәті бейнеленген видео көрсетілді

71 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Талдықорған қалалық сотында өз жұбайы Айзат Жұманованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Айбар Жанболатқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады.

Сот отырысы барысында жәбірленушіні Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізу сәті түсірілген бейнежазба ұсынылды. Кадрлардан Айзат Жұманованың ауруханаға ес-түссіз күйде әкелінгені көрінеді. Бейнежазбада айыпталушы Айбар Жанболат, оның анасы және досы марқұмның аузын сүртіп, аяғын уқалап жатқан сәттер бейнеленген.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын белгілі сарапшы Тахир Халимназаров таныстырды. Ол сотта берген жауабында марқұмға соққылар оның өмірден өткенінен кейін де жасалғанын айтты. Сарапшының сөзінше, мәйітті қайта қазып алу арқылы жүргізілген сараптама барысында бұрын анықталған жарақаттар мен қосымша зақымдар толық тексерілген.

Сараптама нәтижесінде барлық негізгі жарақаттардың тірі кезінде салынғаны, ал аяқ-қолындағы сүйретілу іздері өлі күйінде пайда болғаны анықталған. Айзат Жұманованың өліміне бас миының ауыр жарақаты себеп болған. Бұл жарақаттар бетке бірнеше рет соққы жасап, бас сүйегінің сынуымен байланысты. Сарапшының айтуынша, мұндай соққылар жұдырықпен де, аяқпен де жасалған болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Айбар Жанболаттың әйелін екі жасар баласының көзінше аяусыз ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ марқұмның қолы арқанмен байланып, жылқымен сүйрегені де анықталған. 

Бүгін, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.