Атырау, 19 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​TikTok АҚШ-тағы бизнесінің басым бөлігін инвесторларға беруге келісті

88 рет қаралды

TikTok-тың иесі қытайлық ByteDance компаниясы АҚШ-тағы қызметін сақтап қалу үшін жаңа келісім жасады. Компания Oracle, Silver Lake және БАӘ-нің MGX инвестициялық ұйымы сияқты америкалық және халықаралық инвесторларға бизнесінің елеулі үлесін бермек, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Жаңа құрылым бойынша ByteDance 19,9% үлесті сақтап қалады, ал Oracle, Silver Lake және MGX әрқайсысы 15%-дан иеленеді. Тағы 30,1% үлес ByteDance-тің бұрынғы инвесторларына тиесілі болады.

Бұл келісім АҚШ билігінің ұлттық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылығын азайтып, TikTok-тың елде жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді. Жоспарланған мәміле 2025 жылдың 22 қаңтарында аяқталмақ.

АҚШ Конгресі 2024 жылы TikTok сатылмаса, қосымшаны тыйым салу туралы заң қабылдаған еді. Дональд Трамп президент болғаннан кейін заңның күшіне енуін бірнеше рет кейінге қалдырып, Қытай басшылығымен келіссөздер жүргізді. Қазіргі келісім сол ұзаққа созылған белгісіздікті аяқтауы тиіс.

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.