Атырау, 19 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

ҚМГ зауыттары тарихи межеге жетті​: 11 айда 16,6 млн тонна мұнай өңделді

89 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттары 2025 жылы тарихи рекордқа жетті. 

Шымкент қаласында өткен жиында Басқарма төрағасы Асхат Хасенов компанияның өндірістік қызметін қорытындылап, 2030 жылға дейінгі жоспарларды талқылады. Оның айтуынша, биылғы 11 айда зауыттар 16,6 млн тонна мұнай өңдеп, ең жоғары межеге жетті. 

Бұл көрсеткіш жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу көлемі 18,16 млн тоннаға жетеді деп күтілуде, дизель отыны 6,1 млн тоннаға дейін өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық болады. 

Автомобиль бензині бойынша өсім 400 мың тоннаны құрады, ал жеңіл мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 13,6 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Мұнай өңдеу тереңдігі 90%, жеңіл өнімдер үлесі 78% деңгейінде күтілуде.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сапа көрсеткіштері бойынша көш бастап, 6,23 млн тонна өңдеуді және жеңіл өнімдер үлесін 81,5%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 5,47 млн тонна өңдеп, жеңіл өнімдер үлесін 77%-ға жеткізбек. «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС 5,76 млн тонна өңдеуді жоспарлап, жеңіл өнімдер үлесін 74%-ға жеткізеді. «CASPI Bitum» ЖШС жылына 750 мың тонна битум өндіруге қауқарлы болса, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» газ-химия кешені 2025 жылдың 11 айында 336,8 мың тонна полипропилен өндірді. Соның арқасында Қазақстанның полипропилен импорты 2022 жылғы 63%-дан 2025 жылы болжамды 5%-ға дейін төмендеді, ал ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты. 

Бүгін, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.