
Атырау облысында салынып жатқан болашақ Silleno полиэтилен зауытының құрылыс алаңында негізгі екі қондырғы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Пиролиз қондырғысы: Жұмыстың жалпы орындалу көлемі 34%-ға жетті. Құрылыс алаңында қада қағу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 13 736 қаданың 11 297-і қағылды, ал 7 944 текше метр іргетастың орнына 9 638 текше метр құйылды.
Полимерлеу қондырғылары және жалпызауыттық шаруашылық нысандары: Қазіргі орындалу деңгейі – 6%. Қазан айының соңында басталған жер қазу жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша 73 342 текше метр топырақ шығару көзделсе, іс жүзінде 89 632 текше метр топырақ шығарылды. 2025 жылдың қарашасынан бері 471 қада қағылды.
Құрылыс алаңында бүгінде 812 адам және 177 техника бірлігі жұмылдырылған.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес, қауіпсіздік пен сапа талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілуде.
В Атырау 0