Атырау, 19 желтоқсан 16:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда полицейлер суицидтің алдын алды

Бейнежазба
102 рет қаралды

18 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Алиев көпірінде төтенше жағдай орын алды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасынан белгісіз адамның өзенге секірмек болғаны анықталған.

Хабар түскен бойда оқиға орнына учаскелік инспекторлар Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан жетті. Олар көпір үстінде тұрған 45 жастағы ер адамды байқап, сөйлесіп, сабырға шақырды.

Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат қауіпсіз жерге шығарылып, кейін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның мұндай қадамға баруына не себеп болғанын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Бүгін, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.