
Қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді.
Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазірдің өзінде веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.
Gemini-дің қазақ тіліндегі нұсқасының іске қосылуы Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмысының бір бөлігі. Бұл жұмыс кадрларды даярлауға инвестиция салуды, цифрлық дағдыларды дамытуды және әзірлеушілерді қолдауды қамтиды. Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу экономикалық жағынан да тиімді. Себебі ол мемлекеттік басқару өнімділігінің артуы және бюджет жүйесінде тұрақтылықтың күшеюіне септігін тигізеді, әрі елдің экономикалық өсіміне қосымша үлес қосады.
В Атырау 0