
Әңгіме полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев туралы болып отыр.
Атырау қаласында оның есімі Самал ықшам ауданындағы №14 шағын көшеге берілетін болды. Бұл шешім қаладағы көшелер мен өткелдерді қайта атау аясында қабылданды.
Шалқар 2019 жылдың 21 наурызында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Сол күні ол Жайық өзеніне батып, суицид жасамақ болған қызды күннің суығына қарамай құтқарып қалғанымен өзі судан шыға алмады. Оның әріптесі қызды аман алып қалды.
Полиция сержанты небәрі 24 жаста еді. Оның сүйгені бар еді, екі айдан кейін үйленбекші болған. Отбасының асыраушысы полиция қызметкері өз өмірін қиғанымен басқаға ғұмыр сыйлады. Ол салдарын ойламады, марапат үшін әрекет етпеді — тек дұрыс деп санаған ісін жасады.
Енді оның есімі қала картасында пайда болады. Бірақ шын мәнінде оның өшпес ерлігі тек көше атауында ғана емес, өзі құтқарған қыз бен қала тұрғындарының жадында мәңгі сақталады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0