Атырау, 19 желтоқсан 12:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Ақжайық ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өрт сөндіру пункті​ ашылды

Сурет
93 рет қаралды

Атырау облысы Махамбет ауданының Ақжайық ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарлама аясында қайта жаңғыртудан өткізіліген өрт сөндіру пункті ашылды. 

Жоба ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ашылу салтанатына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Қымбат Көпбаев және аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов қатысты. Олар тұрғындарды ауыл үшін маңызды әлеуметтік нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады.

Жаңа өрт сөндіру бекеті  халқы 1 197 адамды құрайтын Ақжайық ауылының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, шалғай елді мекендер тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауда маңызды рөл атқарады.

Нысан тәулік бойы қызмет атқаруға арналған барлық қажетті қызметтік-тұрмыстық бөлмелермен жабдықталған. Материалдық-техникалық жарақтандыру құрамына өрт сөндіру және құтқару құралдары, байланыс құралдары мен жеке құрамның арнайы киімдері кіреді.

Өрт сөндіру бекетінің штатында алты қызметкер, бір өрт сөндіру техникасы бар. 


Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.