Атырау, 19 желтоқсан 11:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қазақстандық спортшылар Абу-Дабиде фиджитал турнирде ел намысын қорғайды

100 рет қаралды

Абу-Дабиде халықаралық мультиспорттық The Games of the Future Abu Dhabi 2025 powered by ADNOC фиджитал турнир салтанатты түрде ашылды. 

Ашылу рәсіміне БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Дегтярев, сондай-ақ танымал саясаткерлер, спортшылар мен киберспорт жұлдыздары қатысты.

Турнирге Қазақстан спортшылары фиджитал футбол, фиджитал баскетбол және CS2 фиджитал шутер бойынша қатысып жатыр. Ел намысын үш мықты команда қорғайды. Олар: XGoat - CS2 дисциплинасы бойынша 2024 жылы Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарының» жеңімпазы, UEL Team фиджитал футболдан іріктеу кезеңінің жеңімпазы және құрамында ұлттық құрама спортшылары бар кәсіби баскетбол клубы PBC Astana.

18–23 желтоқсан аралығында Абу-Даби үкіметінің ADNEC көрме орталығында 60-тан астам елден келген 850-ден аса спортшы физикалық спорт пен цифрлық технологияларды біріктіретін 11 гибридті дисциплинада сынға түседі.

Бүгін, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.