Атырау, 18 желтоқсан 22:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Ұлыбритания «Татнефть» компаниясына санкция енгізді: бұл Атырауға қалай әсер етеді?

121 рет қаралды

Ұлыбритания санкциялық тізімді кеңейтіп, ресейлік мұнай компаниялары «Татнефть» пен «Русснефтьті» енгізді. Бұл туралы Ұлыбритания Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.

Санкциялар аясында активтерді бұғаттау қарастырылған. Сонымен қатар «Руснефтегаз» және «Независимая нефтегазовая компания» (ННК) да осы тізімге енді. Британ үкіметі жариялаған лицензияға сәйкес, аталған компаниялармен және олардың еншілес құрылымдарымен операцияларды аяқтау мерзімі 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін белгіленді.

Бұдан бөлек, Дубайда тіркелген шикізат саудасымен айналысатын трейдингтік компаниялар да санкцияға ілікті. Олардың қатарында: Tejarinaft FZCO, Fossil Trading FZCO, AMUR II FZCO, Altrum Group FZCO, Mercantile & Maritime Group, Redwood Global Supply FZ-LLC және Saphira Energy FZE бар.

Сондай-ақ, Өзбекстандағы мақта өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да санкциялық тізімге енгізілді. Олардың ішінде: Ферғана химиялық зауыты, Gelion Business Trade және Chemistry International бар.

Ұлыбритания бұған дейін ресейлік экономикаға шикізат жеткізу мен қаржыландыруға қатысы бар компанияларға қарсы санкция режимін күшейте беретінін мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың соңында «Татнефть» пен «ҚазМұнайГаз» бірлесіп «Бутадиен» ЖШС-ін құрған болатын. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында жылына 180 мың тонна бутадиен және бутадиен каучуктарын өндіретін зауыт іске қосылуы тиіс еді.

Сонымен қатар, ресейлік компания «ҚазМұнайГазбен» бірге «Karaton Operating Ltd.» компаниясына қатысады. Бұл кәсіпорын «Каратон Подсолевой» жобасының операторы болып табылады. «Татнефть» 2024 жылы осы жобаның 50% үлесін 18,2 млн долларға сатып алған. 2024 жылдың қарашасында ҚМГ мен «Татнефть» Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауды бастағаны белгілі болды.

Биыл көктемде «ҚазМұнайГаз» «Татнефтьтің» Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты мұнай-химия жобаларына инвестиция салуға қызығушылық танытқанын хабарлады. Атап айтқанда, терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісіне.

Осылайша, Ұлыбританияның санкциялары «Татнефтьтің» Атыраудағы жоспарланған жобаларына ықпал етуі мүмкін. Жобалардың мерзімі мен қаржыландыруына түзетулер енгізілуі ықтимал.

Бүгін, 19:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.