
Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда суға салса тез еритін кофе дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, тез еритін кофені «С» есімді азамат кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген.
Контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді.
Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені хабарланды.
Заңсыз цехтың жұмысын ұйымдастырған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 158-бабы (Өзге біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тексеру материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
В Атырау 0